Спорт

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Париж олимпиадасындағы қарсыластары белгілі болды

Махмұд Сабырхан Филиппин, Өзбекстан, Бразилия және АҚШ боксшыларымен жекпе-жекке шығады

Қазақстан Париж олимпиадасынан үміт күтетін спортшыларының бірі – боксшы Махмұд Сабырханның қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, олар:  

Карло Паалам (Филиппин) - 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Әбдумәлік Халоков (Өзбекстан) - 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Луис Оливейра (Бразилия) - 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының және былтырғы Панамерика ойындарының қола жүлдегері

Джамал Харви (АҚШ) - 2021 жылғы әлем чемпионы.