Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026
- 151
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының финалдық бәсекесі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
60 келідегі Виктория Графеева осы салмақтағы басты бәсекелесі, әлем чемпионы Ребека Де Лима Сантоспен (Бразилия) жұдырықтасты.
Отандасымыз жекпе-жек бойы өзінің бойы мен қолы ұзындығын пайдаланып, қарсыласын қашықтықта ұстауға тырысты. Әйтсе де Ребека Де Лима Сантос үнемі алға ұмтылып, ұпай жинады. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Виктория Графееваға берді.
Айта кетейік, қос боксшы кейінгі бір жылдың ішінде төртінші мәрте айқасып отыр. 2025 жылы Астанадағы әлем кубогының финалында Виктория басым түссе, әлем чемпионатының финалы мен «Странджа» турнирінде Бразилия спортшысы жеңісті тойлаған еді.
Келесі мақала
Жуалыда көктемгі дала жұмыстары қалай жүріп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 сәуір, 2026






