Спорт

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

10–24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен бокстан U22 Азия чемпионаты аясында жастар санатындағы (2007–2008 жылы туғандар) жарыс өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыс қорытындысы бойынша 13 ер, 12 қыз – жалпы 25 салмақта чемпиондар анықталды.

Қазақстандық жасөспірімдер керемет нәтиже көрсетті. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ер балалар арасында 11 боксшымыз финалға жолдама алып, соның 10-ы алтын медаль еншіледі.

Тек 86 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай қола медальға ие болса, 71 келі салмақ дәрежесінде жүлде бұйырмады.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)

1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)

1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)

1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)

1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)

1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)

1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)

1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)

1-орын. Расул Асанханов (92 келі)

1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)

2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)

3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетейік, осыған дейін қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарып, чемпион атанғанын айтқан болатынбыз. 

Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:

Қазақстан – 22 алтын

Тәжікстан – 2 алтын

Қырғызстан – 1 алтын

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар - 5 ) еншілеген еді.