Спорт
Қазақстандық спортшы Анна Данилина Брисбен турнирінің жартылай финалына жолдама алды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қаңтар, 2026
- 112
Анна Данилина – Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Мирра Андрееваның меселін қайырды.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық танытты – 6:1.
Екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:3.
Небәрі 51 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйске қоса 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Александрова – Андреева 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.
Анна Данилина – Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.






