Спорт

Қазақстандық спортшылар олимпиададан жүлде алса, оларға қанша сыйақы беріледі

Қазақстан құрамасында 92 лицензия бар

26 шілдеде Францияда XXXIII Олимпиада ойындары басталады. Қазақстаннан Парижге баратын 80 спортшы спорттың 25 түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Олимпиададан жүлделі оралған спортшылар қанша теңге алатыны белгілі болды. Олар мынадай:

Чемпион  -  $250 000 доллар. 

Күміс медаль -  $150,000.

Қола медаль -  $75,000.

Ал 4-6 орынға ие болғандарға – $30, 10 және 5 мың доллар сыйақы беріледі. 

Бұған қоса, рекорд үшін спортшыға тағы 5 мың доллар, ал жаттықтырушыға 3 мың доллар төленеді.

Айта кетейік, Париж төрінде өтетін Олимпиада ойындарын еліміздің бес телеарна көрсетеді. Олар Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" және "Ел арна" телеарналары.