Спорт

Қазақстандық спортшылар XXV қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайтын болады

Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министр жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшының қатысуы жоспарланып отырғанын атап өтті. Барлығы 116 марапаттар жиынтығы ойналады. Қазақстанның ұлттық командасы 10 спорт түрі бойынша 58 медалға таласады.

Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар. 

— деді Ербол Мырзабосынов.