сәрсенбі, 18 маусым, 2025 16:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық спортшылардың 26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы жарыс кестесі

Қазақстандық спортшылардың 26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы жарыс кестесі
Ашық дереккөз
Осы аптада қазақстандық спортшылардың қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды

Туризм және спорт министрлігі 26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

26–28 мамыр: Сурдо дзюдодан Қазақстан кубогі

Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 110-нан астам спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ақтау қаласы

27–31 мамыр: Жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты

Сары құрлық додасында ел намысын 27 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Гуми қаласы, Оңтүстік Корея

27 мамыр – 6 маусым: Пара нысана көздеуден Әлем кубогі

Турнирде 3 отандасымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Чханвон қаласы, Оңтүстік Корея

28 мамыр – 1 маусым: Грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир

Бозкілемде 8 жерлесіміз белдеседі.

Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия

30 мамыр – 1 маусым: Каратэден Karate1 Premier League халықаралық турнирі

Жарысқа 67 елден 400 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 13 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Рабат қаласы, Марокко

30 мамыр – 2 маусым: Қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Турнирде 38 спортшымыз жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Бурса қаласы, Түркия

31 мамыр – 1 маусым: Би спортынан Қазақстан чемпионаты мен кубогі

Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 700 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ақтау қаласы

31 мамыр – 1 маусым: Шинкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты (фулл-контакт каратэден 1-ші әлем чемпионаты)

Қазақстан құрамасынан 14 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар