Қазақстандық теннисші алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды
Спортшы бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хучжоу (Қытай) WTA 125 турнирінің финалында үздік шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори — Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ — 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Құламбаева — Эрьявец 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша, Ж.Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш рет чемпион болды. Ол бұған дейін жұптық сында ITF додаларында 35 рет топ жарған еді.