Спорт

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар София Кенин — Дезире Кравчикпен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Екінші сетте Данилина — Крунич тай-брейкке дейін жеткізген жоқ — 6:4.

Сағат жарымға созылған бәсекеде А.Данилина — А.Крунич 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Кенин — Кравчик 3 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Анна Данилина — Александра Крунич ірі доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер

Екатерина Александрова — Мирра Андреевамен таласады.