жексенбі, 13 сәуір, 2025 13:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық теннисші екінші рет қатарынан Мексикадағы турнирдің финалына өтті

Қазақстандық теннисші екінші рет қатарынан Мексикадағы турнирдің финалына өтті
ҚТФ
Д.Попко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 158-орынға көтеріліп тұр

Әлемнің 175-ракеткасы Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің финалына өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дмитрий Попко жартылай финалда әлемнің 162-інші, жарыстың 2-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен бетпе-бет келді.

А.Галарно бірінші айналымда тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаевтың жолын кескен еді.

Бұл жолы Д.Попко соның есесін қайтарып, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Попко 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Галарно 2 эйспен шектелді.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 168-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен бас жүлдені сарапқа салады.

Осылайша, қазақстандық теннисші Мексикада екінші челленджер турнирінің финалына жолдама алды. Бір апта бұрын ол Морелияда жеңімпаз атанған еді.

Д.Попко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 158-орынға көтеріліп тұр.

Швейцариялық теннисшіні Морелиядағы турнирде Б.Жұқаев 6:3, 6:7 (2:7), 7:5 есебімен ұтқан болатын.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар