жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді
Фото: ҚТФ
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті

Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, жылдың қорытынды турниріне жолдама алған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-ден 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Чемпиондық кестеде үздік сегіз теннисшінің қатарынан көрінген қазақстандық теннисші 1-8 қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін қорытынды турнирде өнер көрсетеді. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 76-дан 75-ке ауысты.

Зарина Дияс 300-інші, Жібек Құламбаева 337-сатыда тұр.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко көш бастаса, Польша өкілі Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында. 

Жұптық сында Токио жарысының финалында ойнаған Анна Данилина 13-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 103-тен 104-ке, Ж.Құламбаева 131-ден 134-ке төмендеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар