Спорт

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

The final spritzer

Зарина қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтеріліп тұр

Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 875-орында тұрған Жапония өкілі Лиза-Мария Риумен шеберлік байқасты.

Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты. Матч небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.

Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 499-ракеткасы, тағы бір корт иесі Момоко Коборимен таласады.