Спорт
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:47
- 51
Спортшы жекелей және жұптық сында үздік болды.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жекелей сындағы финалда Жібек жергілікті теннисші Сонал Патилмен кездесті. Шешуші матч қазақстандықтың екі сетте жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:3.
Жұптық сында Құламбаева турнирде ресейлік Екатерина Яшинамен дуэтте өнер көрсетті.
Финалда теннисшілер Элина Неплий / Ксения Ласкутова (Ресей) жұбын жеңді. Кездесу 5:7, 6:4, 10:6 есебімен аяқталды.
Нагпурдағы қос жеңістің маңызы ерекше: жекелей және жұптық сындағы жеңістер Жібек үшін осы маусымдағы алғашқы титулдар болды, ол бұған дейін алған жарақатынан кейін қалпына келген еді.
Келесі мақала






