Спорт

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Ұлттық құрама сапынан ең үздік нәтижені Әділбек Мусин көрсетті.

Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорттары бойынша 11-ші Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы екі эстафеталық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ерлер арасындағы 4×100 метр еркін жүзу эстафетасында ел намысын Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ғалымжан Балабек пен Даниил Черепанов қорғады. Спортшыларымыз бұл сында 3:22.10 уақыт көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ қазақстандықтар аралас 4×100 метрлік эстафетаға да қатысты. Айбат Мырзамұратов, Софья Сподаренко, Максим Сказобцов және София Әбубәкірова сынға түсіп, 3:56.46 нәтижесімен төртінші орыннан көрінді.

Жалпы чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:

Алтын медаль:

Әділбек Мусин — 50 метр баттерфляй

 Күміс жүлдегерлер:

Максим Сказобцов — 100 метр баттерфляй

София Әбубәкірова — 50 метр арқамен жүзу

Глеб Коваленя — 50 метр еркін стиль

Айбат Мырзамұратов — 50 метр брасс

София Әбубәкірова — 50 метр баттерфляй

 Қола медаль иегерлері:

Софья Сподаренко — 100 метр баттерфляй

Максим Сказобцов — 50 метр баттерфляй

Софья Сподаренко — 50 метр баттерфляй

Қазақстанның аралас құрамасы — 4×100 метр еркін жүзу эстафетасы

Айта кетейік, су спорты түрлерінен Азия чемпионаты 28 қыркүйекте басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Алда ұлттық құрамаларымыз су добынан және көркем жүзуден өз өнерлерін көрсетеді.