сенбі, 23 қараша, 2024 5:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ қызы Кенияда жаттығуда

Қазақ қызы Кенияда жаттығуда
ашық дереккөзі
Қазақ қызы Кенияда жаттығуда
Марафоншылар сайысында сынға түсіп жүрген Гүлжанат Жанатбек Кенияның Итен қаласында оқу-жат­­тығу жиынын өткізуде.
Иә, қазақ қызының алыстағы Африка құрлығын таңдауы бекер емес. Себебі Ке­ния марафоншыларының даңқы алысқа жайылған. Бұл елден көптеген мықты жел­аяқ шықты. Олимпия ойындарында айтулы мемлекеттің өрендері екі рет бас жүлдені олжаласа, әлем чемпионаттарында бес мәр­те топ жарды. Ал жүлдегер атанған саңлақ­тарды тізбектейтін болсақ, олардың саны тіптен көп. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жаней­рода алауы тұтанған Олимпиадада ерлер арасында Элиуд Кипчоге шашасына шаң жұтырмаса, әйелдер сайысында Джемима Сумгонг алдына жан салмады. Олардың екеуі де кениялықтар және де қазіргі кездегі әлемдік рекорд дәл сол Кипчогеге тиесілі. 2018 жылдың күзінде өт­­кен Берлин марафонында ол мәре сы­зығын 2 сағат 01 минут 39 секундта қиып өткен еді. Міне, сол себепті де Г.Жанатбектің таң­­дауы Кенияға түсті. Ол Токиода алауы тұ­танатын Олимпия ойындарының лицен­зиялық турниріне даярлануда.  
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар