Ажар Салықова Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Салықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Бұл санатта жекпе-жектер айналмалы жүйе бойынша өтті. Салықова алдымен БАӘ спортшысы Шамма Алькальбаниге жол берді, ал кейін Алжир елінің өкілі Омрани Фадияны ұтты.
Осылайша, Ажар Салықова жалпы есепте екінші орын алды.