Спорт

"Бұл нағыз айқас болады". Жеңілмеген қазақ спортшының бразилиялық қарсыласы

"Бұл нағыз айқас болады". Жеңілмеген қазақ спортшының бразилиялық қарсыласы

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі бірінші жекпе-жегін тәжірибелі Алекс Оливейраға қарсы өткізеді. Бразилиялық спортшы алдағы кездесуге қатысты пікір білдірді. "Маған бәрібір, ол ардагер ме, UFC-дегі дебютіне келген жас талант болсын. Октогонға шыққанда басты мақсатым - жеңіс сериямды сақтап, жартылай орта салмақ биігіне оралу. Қазір назарым 100 пайыз Шавкатта. Бұл нағыз айқас болады, ал мен жеңіске жеткенде UFC рейтингінде 14-ші тұрған Энтони Петтисті жекпе-жекке шақырамын. Біздің стильдер жанкүйерлер үшін отшашу боларына сенімдімін", - деп береді Оливейраның сөзін Sherdog.com. UFC 254 турнирі 24 қазан Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өтеді. Оның басты кездесуінде Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи жұдырықтасады. vesti.kz