Бақтияр Артаев лауазымды қызметке тағайындалды
Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады
Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2013-2021 жылдары «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоротивтік қорынының президенті, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры, «Астана Арланс» ЖШС бас менеджері.
2021-2022 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.
Еліміздің спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.
Бақтияр Ғарифоллаұлы бұған дейінде Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасын басқарып, спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан.