Спорт

«Басыңызға қатты доп тиген бе?». Қазақша сұрақ қойған журналисті «хайпшы» деген Нұралы Әліп сынның астында қалды

Ол бұл сөзін Ресейдегі подкаст алаңда айтқан

Спорт журналисі Аслан Қаженов қазақша сұрақ қойған журналисті «хайпшы» деп айыптаған Нұралы Әліпке ел алдында жауабын түсіндіруін талап етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аслан Қаженовтың пікірінше, футболшы бұл сөзді көршілердің «көңілінен шығу» үшін айтуы мүмкін. Деседе, Нұралы Әліптің бұл сөзі көптің ашуын туғызды. Сондықтан журналист футболшыға «елдің алдында жауабыңды кеңірек түсіндіруіңді талап етемін» деді.