Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 мамыр, 2025
- 667
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова халықаралық деңгейдегі беделді Grand Slam сериясындағы турнирде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Турнир барысында Әбиба бірінен кейін бір қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол Қытайдың мықты спортшысы Вэньне Чжуанмен кездесті. Тартысты өткен белдесу Әбибаның жеңілісімен аяқталғанымен, ол бұл сәтсіздіктен жігер алып, үшінші орын үшін күреске жоғары дайындықпен шықты.
Қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде Әбиба өзбекстандық Улбусин Хакимовамен татамиде жолықты. Техникалық әрі тактикалық тұрғыдан жоғары деңгейде өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы тиімді әдіс қолданып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, ол Grand Slam турнирінің жүлдегері атанып, ел мерейін үстем етті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






