Спорт

Әбиба Әбужақынова: "Соңына дейін күресіп, қолымнан келгеннің бәрін жасадым"

The final spritzer

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұған дейінгі әлем біріншіліктерінде екі мәрте қола медаль жеңіп алған спортшы бұл жолы финалға дейін сүрінбей жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәл осы әлем біріншілігінен кейін Әбиба Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, жарыстағы есте қалған сәттері мен алдағы жоспарлары жайында ой бөлісті.

Әбибаның айтуынша, финалда кездескен италиялық балуан – жарыстағы ең қиын қарсылас болған.

Жеңіс оңай келмегенімен, Әбиба өзіне артылған үмітті ақтап, жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Ол жарыс барысында қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысын жеткізді.

Алдағы уақытта дзюдошы біршама үзіліс алып, шілде айының басында өтетін оқу-жаттығу жиынына тың күшпен оралмақ.

Жыл соңына дейін Әбибаны бірнеше ірі халықаралық турнирлер күтіп тұр. Солардың ішінде Grand Slam бәсекелері де бар.