Бибісара Асаубаева гроссмейстер атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат тарихындағы тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді
Ол Батуми қаласында өткен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесінде ресми түрде гроссмейстер (GM) атағын иеленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша Бибісара — гроссмейстер атағын алған Қазақстанның екінші әйел шахматшысы атанды. Бұған дейін бұл мәртебеге Жансая Әбдумәлік ие болған еді.
Сонымен қатар, Бибісара — әлем бойынша гроссмейстер атанған 43-ші әйел. Бұл – жаһандық деңгейде де сирек кездесетін жоғары жетістік.
Айта кетейік, гроссмейстер атағы – шахматтағы ең жоғары кәсіби дәреже. Бұл атақ шахматшының халықаралық ареналардағы тұрақты табысы мен шеберлігін ресми түрде мойындау болып табылады.