Спорт

Чемпиондар лигасындағы сенсация: Анарбеков матчтың үздігі атанды

Осы нәтижесімен Темірлан аталмыш жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы кезекті ойында тағы да керемет сейвтерімен көзге түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол матч барысында командасын бірнеше мәрте қиындықтан аман алып қалып, кездесу соңында турдың үздік ойыншысы атанды. 

Осы нәтижесімен Темірлан аталмыш жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Астанада өткен ойында «Қайрат» грек командасы «Олимпиакоспен» кездесіп, тартысты матчта 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, қақпашының өнері жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды: Анарбеков ойын бойы жеті қауіпті соққыны қайтарды. Тек 73-минутта Желсон Мартинштің бағыттаған дәл добын тоқтата алмай, матч тағдырын шешкен жалғыз голға жол берді.

Алаңдағы нәтиже көңіл көншітпегенімен, «Қайрат» негізгі кезеңде барлығы алты матч өткізіп үлгерді. Команда «Пафоспен» тең тарқасып (0:0), «Спортинг» (1:4), «Реал» (0:5), «Интер» (1:2), «Копенгаген» (2:3) және «Олимпиакосқа» (0:1) қарсы ойында жеңіліс тапты. Алда әлі де «Арсенал» мен «Брюггеге» қарсы маңызды кездесулер күтіп тұр.