дүйсенбі, 9 наурыз, 2026 23:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Анталияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі аяқталды.

Түркия астанасында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орынға ие болды.

Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміс медаль иеленді.

Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг), Зере Талғатқызы (-48 кг) қоладан медаль тағынды.

Жасөспірімдер додасына 21 елден 550 дзюдошы қатысып, бақ сынады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар