Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Баходир Жалолов ауруханада жатқан Толқын Қылышевке барды
- авторjambylinfo.kz
- 12 тамыз, 2024
- 755
Париж Олимпиадасында екі дүркін чемпион атанған Баходир Жалолов Париждің ауруханасында жатқан Толқын Қылышевке барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл туралы Баходир Жалолов желідегі парақшасына жазды.
Өз кезегінде Толқын Қылышев екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған шәкіртін құттықтап, жылы лебізін білдірген.
Париж Олимпиадасында Баходир Жалоловтан басқа төрт бірдей алтын жүлде алған өзбек боксшылары да Париж ауруханасында жатқан құраманың бас бапкері Толқын Қылышевтің жағдайын сұрап, команданың тарихи жетістігімен құттықтап қайтқан.
Еске салайық, Өзбекстан құрамасы бокстан 7 салмақ бойынша бақ сынаса, оның 5-еуі алтын жүлде иеленді. Соның ішінде Баходир Жалолов (92 келіге дейін) пен Хасанбой Дусматов (51 келіге дейін) екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024