жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ел үмітін ақтай алмадым». Әлішер Ерғали жарыс жолынан шықты

«Ел үмітін ақтай алмадым». Әлішер Ерғали жарыс жолынан шықты
Тұрар Қазанғапов
Ол 97 келі салмақта күресті

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп жазады Jambylinfo.kz

 Әлішер кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисті Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді.

«Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, қатты медаль алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті. Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп  нақты айта алмаймын. Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын», - деді Ерғали.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар