Спорт

«Елдос бауырым»: Тоқаев Олимпиада жүлдегерілерімен кездесуінде Сметовтың жеңісін ерекше атап өтті

Президент Ақордада ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.