Спорт

Елдос Сметов Париждегі Grand slam турниріне қатысады

Дүбірлі додаға қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі жарияланды

Қазақстандық дзюдошылар Париждегі Grand slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Дзюдодан жаңа маусымдағы екінші ресми жарыс – Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды.

Олар: 60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов
73 келі: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келі: Айдар Арапрв, Ермахан Әнуарбеков
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.

Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияда 1-2 ақпан аралығында өтеді.

Аталған турнир ерекше маңызды болмақ, себебі дзюдошылар былтыр желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша бақ сынайды.