Спорт

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 100-орында тұрған словениялық Кайя Юванмен кездесті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рыбакина бірінші партияны брейкпен 6:4 есебімен жеңді.

Екінші сетте есеп 2:1 болғанда Елена тағы бір брейк жасап, 3:1 деп алға шықты. Ақыры матчты эйспен 6:3 есебімен аяқтады. Бір сағат 12 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы 5 эйспен қатар, 2 брейк-пойнтты да тиімді пайдаланды.

Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 77-ракеткасы, франциялық, түбі ресейлік Варвара Грачевамен ойнайды.