Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты
2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға тап келді.
Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы брейкпен бастаған Рыбакина 3:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін теннисшілер брейкпен алмасты. Дегенмен Елена брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Пегула да қалыспай, Рыбакинаның үш матчболды пайдалануына мүмкіндік берді – 5:5. Рыбакина тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (9:7).
Бір сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Пегула 2 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3.
2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді. Белорусь теннисші Аустралия чемпионатының финалында төрт рет өнер көрсетіп, соның екеуінде жеңімпаз болған.