Спорт
Елена Рыбакина Австралияға қарсы тарихи жеңісқа қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025
- 144

Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup әлемдік командалық біріншілігінің D тобы аясында Австралиядан басым түсіп, іріктеу кезеңінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA №10) Кимберли Бирреллмен (WTA №61) өткен қиын кездесуде 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Екінші сетте Рыбакина 1:5 есебімен ұтылып жатты, алайда керемет камбэк жасап, матчты өз пайдасына аяқтады. Бұл – оның Қазақстан сапында өткізген 10-ойынының 8-жеңісі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы D тобында көш бастады. Күннің соңғы ойынында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұбы австралиялық Сторм Хантер мен Эллен Переске қарсы кортқа шығады.