Спорт

Елімізде бүгін Спорт күні аталып өтіліп жатыр

Бүгінде 8 млннан астам қазақстандық тұрақты түрде спортпен шұғылданады

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Zakon.kz-тің жазуынша, елімізде 4 олимпиадалық даярлық орталығы және 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы бар. 

Бүгінде 8 млннан астам қазақстандық тұрақты түрде спортпен шұғылданады. 

Бұл жалпы халықтың 40,4%-ына тең, оның 3 млн-нан астамы ауыл тұрғындары. 300 мыңға жуық бала мен жасөспірім 780-нен астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен айналысады.

Республикада жыл сайын әртүрлі деңгейде 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Оған 1,2 млн адам тартылады. Ауылдық жерлерде тұратын 500 мың адам да аталған іс-шаралардан сырт қалмайды. Әсіресе, кейінгі жылдары жүгіру, марафон, велошеру мен веломарафон, спорттық фестиваль секілді жарыстар мен отбасылық іс-шаралар халық арасында кең таныла бастады.