Былтыр қаңтар–желтоқсанда ҚР-да спорт саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 7,4 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай 1,7% көп, деп хабарлады turkystan.kz.
Ranking.kz сайтының мәліметінше, ең көп қаражат спорт нысандарын пайдалануға жұмсалды: 4,6 млрд теңге, бір жылдағы өсім 9,2%. Фитнес клубы қызметіне күрделі салым 1,6 млрд теңгені (39% азайған), спорт клубы қызметіне 669,6 млн теңгені (2,1 есеге көбейген) құрады.
Өңірлер бойынша Астана көшбасшы болды: 3,1 млрд теңге, бір жылда 17,8% көбейген. Одан кейін Алматы (2,2 млрд теңге, бір жыл бұрын 576,8 млн теңге болған) және Қостанай (546,3 млн теңге, 13,6% көбейген) облыстары, - делінген хабарламада.
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегі қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар спорт саласында 166,3 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 30,1% көп. Оның ішінде ауылдарда сала бойынша қызмет көрсету көлемі 10,1 млрд теңгені құрады.
Соның ішінде спорт нысандарын пайдалану саласындағы қызмет бір жылда 16% өсіп, 26 млрд теңгеге, спорт клубы қызметі — 16,4%, 27,4 млрд теңгеге көбейсе, фитнес клуб қызметі 12,7%, 26 млрд теңгеге дейін төмендеді, - делінген хабарламада.
Халыққа 30,6 млрд теңгенің, оның ішінде ауылдық жерлерде 451,3 млн теңгенің қызметі көрсетілді.
Өңірлер бойынша спорт саласындағы қызметтің ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 41,8 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан ақшалай 28,4% көп. Алматы (41,6 млрд теңге), Қарағанды облысы (11,1 млрд теңге) және Шымкентті (9,8 млрд теңге) де спортсүйер өңірлер деп атауға болады.
Спорт саласында ең аз қызмет Ұлытау, Абай және Қостанай облыстарында көрсетілген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024