Спорт

Еліміздің қай өңірінде спорт жақсы дамыған?

Қазақстандық компаниялар спорт саласында 166,3 млрд теңгенің қызметін көрсетті.

Былтыр қаңтар–желтоқсанда ҚР-да спорт саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 7,4 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай 1,7% көп, деп хабарлады turkystan.kz.

Ranking.kz сайтының мәліметінше, ең көп қаражат спорт нысандарын пайдалануға жұмсалды: 4,6 млрд теңге, бір жылдағы өсім 9,2%. Фитнес клубы қызметіне күрделі салым 1,6 млрд теңгені (39% азайған), спорт клубы қызметіне 669,6 млн теңгені (2,1 есеге көбейген) құрады.

Өңірлер бойынша Астана көшбасшы болды: 3,1 млрд теңге, бір жылда 17,8% көбейген. Одан кейін Алматы (2,2 млрд теңге, бір жыл бұрын 576,8 млн теңге болған) және Қостанай (546,3 млн теңге, 13,6% көбейген) облыстары, - делінген хабарламада.

2023 жылдың қаңтар–қыркүйегі қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар спорт саласында 166,3 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 30,1% көп. Оның ішінде ауылдарда сала бойынша қызмет көрсету көлемі 10,1 млрд теңгені құрады.

Соның ішінде спорт нысандарын пайдалану саласындағы қызмет бір жылда 16% өсіп, 26 млрд теңгеге, спорт клубы қызметі — 16,4%, 27,4 млрд теңгеге көбейсе, фитнес клуб қызметі 12,7%, 26 млрд теңгеге дейін төмендеді, - делінген хабарламада.

Халыққа 30,6 млрд теңгенің, оның ішінде ауылдық жерлерде 451,3 млн теңгенің қызметі көрсетілді.

Өңірлер бойынша спорт саласындағы қызметтің ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 41,8 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан ақшалай 28,4% көп. Алматы (41,6 млрд теңге), Қарағанды ​​облысы (11,1 млрд теңге) және Шымкентті (9,8 млрд теңге) де спортсүйер өңірлер деп атауға болады.

Спорт саласында ең аз қызмет Ұлытау, Абай және Қостанай облыстарында көрсетілген.