сенбі, 6 желтоқсан, 2025 0:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Еліміздің екінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: Sports.kz
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 208-орындағы жапониялық Шо Шимабукуроны жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 208-орындағы жапониялық Шо Шимабукуроны жеңді.

Кездесу 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Александр Шевченко жартылай финалға өту үшін әлемнің 112-ракеткасы, грузиялық Николоз Басилашвилимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 206-орындағы Бейбіт Жұқаев Канкун (Мексика) челленджер жарысының алғашқы айналымында сенсация жасап, әлемнің 97-інші, осы турнирдің 5-ракеткасы, аустралиялық Тристан Скулкейтті 6:4, 7:6 (9:7) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды. Бейбітке ізінше екінші матч өткізуіне тура келді. Бұл жолы ол әлемнің 140-ракеткасы, перулік Игнасио Бусеге есе жіберді - 3:6, 6:7 (4:7). Осылайша, доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Бейбіт Жұқаев ширек финалдан шет қалды.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар