сенбі, 5 қазан, 2024 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуропадан Саудияға ауысты

Еуропадан Саудияға ауысты
ашық дереккөзі
Еуропадан Саудияға ауысты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Сауд Арабиясының «Әл-Файсали» футбол клубына ауысты.  
28 жастағы жартылай қорғаушы меди­­циналық тексеруден сәтті өтіп, екі жыл­дық келісімшартқа қол қойды. Меркель карьерасын Ресейде жал­ғас­тыруы әбден мүмкін еді. Футболшы  Ресей чемпионатында екінші орында келе жатқан «Сочиге» ауысуға жақын тұрған. Алайда қаржылық шарттарына байланыс­ты келісімшарт жасалмады. Кеше Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа клубтағы әсерімен бөлісті. «Мен «Аль-Файсалиге» келгеніме қуа­ныштымын. Жаңа ел, жаңа сынақ. Жы­лы ықыласпен қабылдағаныңыз үшін рах­мет! Жаңа ұжыммен кездесуге, футбол алаңына шығуға асыға күтіп отырмын», – деп жазды Меркель Twitter парақ­шасында.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар