жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ФК "Қайраттың" негізгі қақпашысы командадан кететіні рас па?

ФК "Қайраттың" негізгі қақпашысы командадан кететіні рас па?
Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images
Бұл сұраққа Александр Заруцкий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді

“Қайрат” футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий командадан кетеді деген ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Спорт журналисі Елдар Аманбаев Telegram парақшасында тәжірибелі голкипермен клуб келісімшартты ұзартпауға шешім қабылдағанын жазды.

“Александр Заруцкий «Қайрат» клубынан кетуі мүмкін. Менің қолымдағы ақпаратқа сүйенсек, ел чемпионы тәжірибелі қақпашымен келісімшартты ұзартпау жағын ойластырып жатыр. Маусым басында Александр команданың негізгі қақпашысы болған еді. Алайда жарақат алып қалған соң, ол негізгі құрамдағы орнын жоғалтты.
Оның орнына жас қақпашы Темірлан Анарбеков шықты. Қазір клуб оның болашағына үлкен үміт артып отыр. ҚПЛ-дың қай клубы қақпашыны өз қатарына қосқаны дұрыс деп ойлайсыздар?” – делінген Елдар Аманбаевтың жазбасында.

Ал, бұл туралы Александр Заруцкий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын жеткізді. 

«Хайп үшін адамдар бәріне дайын, тіпті жалған ақпарат таратуға да барады. Дәл сол сәтте, хайп ар‑намыстан жоғары тұрғандай», – деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, маусым басында Заруцкий “Қайраттың” негізгі тірегіне айналып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде сенімді ойынымен көзге түскен еді. Алайда “Селтикке” қарсы кездесуде ауыр жарақат алып, оның орнын жас қақпашы Темірлан Анарбеков алмастырған болатын.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар