Спорт

Футбол алаңшасы ашылды

Футбол алаңшасы ашылды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Құмөзек ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасанды футбол алаңшасының ашылу салтанаты болып өтті. Футбол алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, округ әкімі Бағдат Сатыбалдиев сондай ақ ауыл ақсақалдары мен көздерінде қуаныштың оты ойнаған ауылдың болашақ жас футболистері қатысты. Алаңшаның құрылысын жеке кәсіпкер «Айгерім» портал арқылы ұтып, жауапты мердігер Сабит Алыпбаев мойынға жүктелген міндетті жауапкершілікпен сапалы жүргізген. Салтанатты жиынға жиналған ауылдың тұрғындарын аудан әкімдігінің аппарат басшысы Манарбек Көшкімбаев арнайы барып құттықтады. Жиын барысында Құмөзек ауылының еңбек ардагері Байұзақ Сауырықов, жеке кәсіпкер Бибіажар Омаровалар сөз алып, ілкімді істі жүргізуде қолдау білдірген аудан басшыларына тұрғындар атынан ыстық ықыласын жеткізіп, ақ батасын берді. Сондай-ақ, тарту етілген жасанды футбол алаңын жақсы күйде ұстау ауылдықтардың міндеті екенін айтты.