Спорт

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан мен Аргентина кездеседі

Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинамен кездеседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгінгі ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есебімен есе жіберсе, биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Бұл жұпта жеңген команда Франция мен Парагвай жұбының жеңімпазымен ойнайды.