Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны аталды
Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны аталды
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинер мәлімдеді. GGG-дің қарсыласы IBF титулына міндетті үміткер Камил Шеремета (21-0, 5 KO) болады. Жекпе-жекті DAZN стриминг сервисі көрсетеді.
Оның әріптесі Лэнс Пагмайердің мәліметінше, жекпе-жек Карсондағы (Калифорния штаты, АҚШ) Dignity Health Sports Park аренасында (бұрын бұл арена StubHub Center деп аталған, Головкин бұл жерде жұдырықтасқан) өтеді. Бастапқыда GGG ақпанда рингке оралады деп хабарланған, бірақ кейін жекпе-жек күні наурызға ауысқан. Ақпанда оқу-жаттығу лагері кезінде Головкин аяғын жарақаттағаны белгілі болды, сол себепті ол Шереметамен жекпе-жекті кейінге қалдырған. tengrinews