Хамитов қарсыласын алғашқы раунда жеңді
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты. "Найман" лақап атымен танылған отандық спортшы ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, айқас қарсаңында Қуат Хамитовтың қарсыласы өзгерген: бастапқыда ол Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.
Осылайша отандық спортшы кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік.
Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.
Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді. Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бакуде Қазақстанның сауда үйі ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024