сенбі, 5 қазан, 2024 21:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
ашық дереккөзі
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 21 желтоқсанда Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен кездеседі. Ойын елорда уақытымен сағат 22.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездесті. Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті. Нижний Новгородта өткен соңғы кездесуде қазақстандық клуб қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп кетті. Биыл командалар бір мәрте кездесті. Елордада өткен кездесуде «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіп кетті. Айта кетерлігі, биылғы турнирде «Барыс» соңғы жеті кездесудің алтауында жеңіске жетті. Ал ресейлік клуб соңғы он кездесудің үшеуінде қарсыластарына есе жіберді. Қазір «Барыс» 33 ойыннан кейін 37 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында келеді. Ал 37 ойыннан кейін 40 ұпай еншілеген «Торпедо» командасы 14-орында тұр. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» «Куньлунь Ред Стар» клубын жеңген болатын. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар