Исламбек Қуат ресейлік клуб сапына ауысты
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Химки" командасының ойыншысы атанды.
"Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат бүгін ресейлік клуб сапында медициналық тексерістен өтті. Ол "Химки" командасымен маусым соңына дейін келісімшарт жасады. Жартылай қорғаушы 20 нөмірмен өнер көрсететін болады.
"Химки" Ресей біріншілігінің алтыншы турынан кейін үш ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орында келеді. Алдағы сенбі күні бұл команда сырт алаңда "Уралға" қарсы кездесу өткізеді.
Айта кетейік, "Химки" сапында Қуаттың "Қайратта" бірген ойнаған командаласы Дмитрий Хомич те өнер көрсетеді", - деп жазды Instagram парақшасында спорт тілшісі Айдын Қожахмет.
Еске салайық, жыл басында Исламбек Қуат "Қайраттан" ресейлік "Оренбург" командасына ауысқан еді. Бұл команданың сапында ол бірнеше кездесу өткізді. Бірақ оның командасы Ресей Премьер-лиигасынан шығып қалды. Содан кейін футболшы мен команда екі жақты келісім бойынша шартнаманы бұзды.
Соңғы екі айда Қуат клубсыз жүрді. Оған Ресейдің және Түркияның бірнеше командасы қызығушылық та білдірді. Қуат осы аралықта Қазақстан құрамасы сапында ойнап үлгерді. Ол Литваға қарсы кездесуде екінші таймда алаңға шығып, бір гол соқты. Беларусь құрамасымен өткен ойында да ол екінші таймда алаға шықты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
"Манас" дастаны қазақ тілінде жарық көрді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024