жексенбі, 6 қазан, 2024 9:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«JAMBYL CUP-2020» турнирі мәресіне жетті

«JAMBYL CUP-2020» турнирі мәресіне жетті
ашық дереккөзі
«JAMBYL CUP-2020» турнирі мәресіне жетті
Жамбыл облыстық «NEET» санатындағы жастар арасында кіші футболдан «JAMBYL CUP 2020» атты облыстық турнирі мәресіне жетті. Жазда басталған аталмыш турнир «Қазақстан-2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын іске асыру сонымен қатар, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп өткізген. Бұл облыстық турнирге 24 команда қатысып, үздік командалар анықталды. Бәсекенің ақтық ойыны "Dostyk-life" спорт кешенінде өтті. Онда жүйелі орындарымен қарсыластарын қоғадай жапырған "Байзақ" құрамасы мен "Бейбарыс" құрамасы жолығып, турнирдің басты жүлдесі үшін жасыл алаңның көрігін қыздырды. Финалдық ойында "Бейбарыс" командасы қарсыластарының қақпасына 6 гол соқты. Өз кезегінде байзақтық жігіттер сәл осалдық танытып, 3 голмен ғана жауап қата алды. Нәтижесінде турнирдің жеңімпазы ретінде "Бейбарыс" атанды. Турнирдің жабылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев пен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сонымен турнирде жүлделі ІІІ орын "Бауырлар" командасы, ал ІІ орын байзақтық команданың еншісіне бұйырды. Биыл алғаш рет NEET жастар арасында өткен «JAMBYL CUP-2020» кіші футбол турнирінің жеңімпазы ретінде "Бейбарыс" командасы танылды. Сондай-ақ футбол бәсекесінде үздік ойынымен көзге түскен Қуаныш Әбітаев "Үздік қақпашы" ал Ерғазы Ешенқұлов "Үздік ойыншы" атанды. Жеңімпаздар мен үздік деп танылғандар бағалы сыйлықтармен және медальдермен марапатталды. Шынболат Сейдуалиев
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар