Спорт

Камиль Куруглиев әлем чемпионатының қола медаліне таласады

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.

Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.