Спорт

"Канело" және Головкинмен. Әлімханұлы орта салмақтағы ең мықты боксшылар ондығына кірді

"Канело" және Головкинмен. Әлімханұлы орта салмақтағы ең мықты боксшылар ондығына кірді

Қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) The Ring журналының тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың ондығына кірді. Белгілі басылым қазақстандық боксшыны тамаша нокаутттан кейін тізімге кіргізді. 10 қазан Лас-Вегастағы жекпе-жекте Жәнібек екінші раундта-ақ аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) ауыр нокаутқа түсірді. Айта кетейік, рейтингіте бірінші өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тұр. Ал The Ring чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес. The Ring тұжырымынша орта дивизионның топ-10 тізімі мынадай: 1. Геннадий Головкин (Қазақстан); 2. Джермалл Чарло (АҚШ); 3. Деметриус Андраде (АҚШ); 4. Сергей Деревянченко (Украина); 5. Риота Мурата (Жапония); 6. Камил Шеремета (Польша); 7. Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания); 8. Роб Брант (АҚШ); 9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания); 10. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан). vesti.kz