«Келешек ұрпақтың батыры сен болуың керек»: Головкин Әлімханұлына сенім білдірді
- авторБақытжан Бекболат
- 27 тамыз, 2025
- 566
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің даңқты жерлесі Геннадий Головкинмен жүздесуінен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Негізінде бұл кездесу сәуір айында өткен еді. Ол кезде «Қазақ стилі» әлеуметтік желідегі парақшасында «Ағаммен бүгінгі жарқын кездесу» деп жазып, GGG-ді белгілеген болатын. Алайда видео тек бүгін көпшілікке ұсынылды.
Кездесу барысында Геннадий Головкин жас чемпионға зор сенім артып, болашаққа бағыт-бағдар берді:
«Еліміз қазір нағыз батырларға мұқтаж. Жанкүйерлерді таңертең ерте ұйқысынан оятатын буынның бірі мен болсам, сен – келесі буынсың. Сен бәрін бағындыра аласың. Келешек ұрпақтың батыры сен болуың керек», – деді ол.
Айта кетейік, биыл Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап, француз Ануаэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Геннадий Головкин бүгінде ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарып жүр. Дегенмен ол кәсіби мансабын ресми аяқтағанын хабарлаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






