Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді - Президент
Президент Паралимпиадада спортшылардың жеңіске жетуіне үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды.