жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Болгарияға есе жіберді

Әлем чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Болгарияға есе жіберді
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы
Болгариялықтар алғашқы екі партияда басымдық танытты – 25:19, 25:19

Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан 21 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ХХІІІ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Болгариямен алаңға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Плей-офф бәсекесінде өткен жылғы Еуропа чемпионы Франциядан ұтылғаннан кейін Сергей Трикоз баптайтын қазақстандық жастар 9-16 орындар үшін таласатын болған еді.

Болгария да осал емес, өткен жылы Еуропа біріншілігінің финалына дейін жетіп, Францияға жол берген.

Болгариялықтар алғашқы екі партияда басымдық танытты – 25:19, 25:19. Бұдан кейін қазақстандық жастар таразы басын теңестірді – 25:21, 25:23. Дегенмен шешуші, бесінші партия Болгарияның еншісінде кетті – 15:9.

Қорытынды есеп – 3:2, Болгарияның пайдасында.

Қазақстан жастар құрамасы сенбі күні тағы бір кездесуін өткізеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар