жұма, 18 шілде, 2025 10:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов жеңімпаз атанды

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов жеңімпаз атанды
ҰОК
Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джугнумен қолғап түйістірді

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джугнумен қолғап түйістірді.

Бекзад жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші және үшінші раундта жағдай өзгермеді. Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар